Атырау, 15 желтоқсан 18:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.49
€ 547.88
₽ 5.06

Францияның премьер-министрі тағайындалды

519 просмотра
© Фото: Vincent Isore, Keystone Press Agency Global Look Press 

Франсуа Байру Францияның жаңа премьер-министрі болып тағайындалды, деп жазады KAZINFORM агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Франция президенті Эмманюэль Макрон центристік «Демократиялық қозғалыс» партиясының жетекшісі Франсуа Байруды елдің премьер-министрі қызметіне тағайындады. Бұл туралы Елисей сарайының коммюникесінде айтылған.

Франсуа Байру Францияның Ұлттық ассамблеясы (парламенттің төменгі палатасы) 4 желтоқсанда оның үкіметіне сенімсіздік білдіру туралы резолюциясы қабылдағаннан кейін отставкаға кеткен құрдасы, 73 жастағы Мишель Барньенің орнына келді.

Айта кетейік, бұған дейін Франция парламенті Барнье үкіметіне сенімсіздік вотумын қолдағаны мәлім болды. Бұл шешімді қабылдау үшін кемінде 289 дауыс қажет болатын. Вотумға 331 депутат дауыс берді.

13 желтоқсан, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.