АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп атысты тоқтату режимінің сақталуын қадағалау үшін Еуропа елдерінің әскерлерін Украинаға жіберуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Wall Street Journal (WSJ) порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол бұл туралы 7 желтоқсанда Парижде Франция президенті Эммануэль Макронмен және Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуде айтты. Трамп "күшті, қарулы Украинаны құруды" қолдады. Алайда Украинаның НАТО-ға мүшелігіне қарсы шықты.
Трамп сонымен қатар Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты рөлді Еуропа қабылдауы керек екенін жеткізді. Айтуынша, АҚШ бұл мәселеде қолдау көрсете алады. Бірақ америкалық әскерді жібермейді.