Атырау, 18 желтоқсан 17:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Baizaar» сауда орталығындағы өрттен кейін кәсіпкерлерге қалай көмек көрсетіліп жатыр

866 просмотра
«AЖ» мұрағатындағы сурет 

«Baizaar» сауда үйінің әкімшілігі мен тиісті ұйымдар өрттен зардап шеккендерге қолдау көрсетуге кірісті. Көмек несие төлеуді кейінге қалдыру және уақытша сауда орындарын ұсыну түрінде көрсетіледі.

34 кәсіпкер толтырған сауалнама қорытындысы бойынша басты мұқтаждықтар анықталды.

Осылайша жеті кәсіпкер несиені уақытша кейінге қалдыруға өтініш білдірді. Бұл мәселені шешу үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына және екінші деңгейлі банктерге хаттар жолданды. Кәсіпкерлерге несиелер берілген банктерге тікелей хабарласу ұсынылды.

14 кәсіпкер уақытша басқа сауда орындарына көшуге ниет білдірді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сауда орталығының әкімшілігі қаладағы ірі сауда орталықтарына тиісті ұсыныстарын жолдаған. Желтоқсанның 15-інде ашылуы тиіс жаңа SYILYQ сауда орталығымен де келіссөз жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Baizaar» сауда орталығының әкімшілігі зардап шеккен кәсіпкерлер үшін жалға алу ақысын есептеуді уақытша тоқтатты. Қазіргі уақытта бүлінген бутиктерді қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.

Баспасөз қызметі атап өткендей, бұл шаралар кәсіпкерлердің шығынын барынша азайтуға және олардың қызметін жылдам қалпына келтіруге бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қазан сағат 18:37 шамасында Атыраудағы «Baizaar» сауда ойын-сауық кешенінде өрт шығып, төрт сағатқа жалғасқан болатын. Өрт сөндірушілер өртті сағат 22:50-де сөндірді. Осы уақыт ішінде ғимараттың 2-қабатының 1000 шаршы метрі жанып кеткен. Бағына орай, сатушылар мен сатып алушылар дін аман, күйік алғандар жоқ.

Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымының қысқа тұйықталуынан тұтанған. ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша тергеу басталды.

Өрт екінші қабатта, «Детский мир» дүкенінің қоймасында болған. Оқиға салдарынан 75 кәсіпкер зардап шекті. 

Айнұр САПАРОВА

13 желтоқсан, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.