"АЖ" редакциясына Құрманғазы ауданы Сүйіндік округіне (Азғыр өңірі) қарасты жер телімдерін ұзақ мерзімге жалға алып, өздері де пайдаланбай, өзгеге де бермей отырғандар жөнінде тұрғындардан хабарлама түскен болатын.
Белгілі болғандай, жалпы аудан бойынша 68403 гектар жер мемлекетке кері қайтарылған.
- Оның басым бөлігі Азғыр өңіріндегі жерлер болып ңтабылады. Азғыр өңіріндегі кезінде ұзақ мерзімге рәсімдеп, алайда игермеген 53737 гектар жер кері қайтарылып отыр. Сондай-ақ Құрманғазы, Мақаш, Еңбекші округтеріне қарасты мақсатты пайдаланбаған жерлер кері алынды, - дейді аудандық жер қатынастары және сәулет, қалақұрылысы бөлімінің басшысы Қуаныш ИМАШЕВ.
Оның айтуынша, жалпы ауданда кәсібін ашып, жер сұрап, ауыл шаруашылығын дамытамын деп отырғандар аз емес. Алдағы уақытта жер тек ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында игеретіндерге ғана беріледі.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА