Әлеуметтік желіде 12 желтоқсан күні Махамбет ауданындағы Бақсай каналының бір бөлігінде шабақтардың қырылу қаупі бар деп айтылған бейнежазба тараған болатын.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта су айдынынан 300 мыңға жуық шабақ құтқарылған.
Махамбет аудандық әкімдігі, Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы, "ҚазСушар" РМК қызметкерлері, сондай-ақ еріктілерлдің қатысуымен шабақтарды құтқару дер кезінде ұйымдастырылды.
Нәтижесінде 300 мыңға жуық шабақ Жайық өзеніне жіберілді. Шабақтарды құтқару облыс әкімдігі мен Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының тұрақты бақылауына алынған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттер мен видеолар әлеуметтік желіден және облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен