Атырау, 18 желтоқсан 17:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Сот министрлікті ​спорт шеберіне ​көтермелеу төлемін төлеуді міндеттеді​

802 просмотра

Атыраудың спорт шебері Туризм және спорт министрлігін халықаралық жарыстарда жүлделі орындарды жеңіп алғаны үшін көтермелеу төлемін төлеуден бас тартқанына байланысты сотқа арыз берген. 

Бұл 2021 жылы дзюдодан Лиссабон қаласында (Португалия), 2023 жылы Астана қаласында өткен самбодан Азия және Океания чемпионатында, Оралда самбодан шеберлер арасында әлем чемпионатында, Абу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан әлем чемпионатында алған жүлделі орындар болатын. 

Министрлік спорт ардагерлеріне төлемді көздемейтін уәкілетті органның Ережелеріне сілтеме жасап, көтермелеу төлемін төлеуден бас тартқан. 

Алайда мамандандырылған аймақтық әкімшілік сот істі зерттей келе, мынадай қорытынды жасады:

  • ережеге сәйкес, әрбір алған орыны үшін, халықаралық жарыстардың әрбір чемпионы мен жүлдегеріне, жеке спорт түрлері бойынша ұлттық құрама мүшелеріне 100 пайыз ақшалай ынталандыру төленеді; 
  • халықаралық жарыстардың жеңімпаздары – спорт ардагерлеріне көтермелеу төлеуге тікелей тыйымдар жоқ;
  • талап қоюшы Қазақстан Республикасының атынан шығып, басқа елдердің спортшыларымен бірге жарысқа қатысып, қатысушы-елдердің жалпы медальдық есебінде есепке алынған жүлделі орындарға ие болған.

Мысалы, Оралда самбодан өткен әлем чемпионатына әлемнің 20-дан астам елінен 550-ден астам спортшы қатысқан. спорт шебері басқа қатысушылармен қатар Қазақстан атынан қатысқан. 

Сот Министрлік сенім білдіру құқығын қорғау қағидатын бұзған (ӘРПК-нің 13-бабы), бұл әкімшілік органның заңсыз әрекеттерінен әкімшілік рәсімге қатысушы үшін ауыр зардаптарға жол берілмейтінін көрсетеді деп пайымдады. 

Қорытындысында спорт шеберінің талабы қанағаттандырылып, сот Министрлікті әлем чемпионатында жүлде алғаны үшін ақшалай ынталандыру төлеуге міндеттеді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

13 желтоқсан, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.