Атырау, 18 желтоқсан 19:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

​Жыл басынан бері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акциялары 25%-ға өсті

743 просмотра
Сурет: kmg.kz

Бұл туралы "Қазмұнайгаз" ҰК АҚ баспасөз қызметі хабарлады.  

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ — мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүддесін қорғайтын, Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы индустрия саласында көшбасшылық позициясын сақтап келеді.

ҚазМұнайГаз барлық үш халықаралық агенттіктің кредиттік рейтингтеріне ие. Сонымен қатар Moody's және Fitch рейтингтері тәуелсіз деңгейде, бұл компанияның қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігін көрсетеді.

Қазіргі кезде (2024 жылдың 10 желтоқсанында) ҚМГ-ның бір акциясының құны 14 400 теңгені құрап, 2024 жылдың басынан 25% өсімді көрсетті, ал төленген дивиденд мөлшерін ескерсек, акцияның табыстылығы 30%-ды құрап отыр.

Бұл ретте, 2022 жылы желтоқсанда IPO өткізілген уақыттан бері ҚМГ акцияларының құны 71%-ға өсті, ал төленген дивиденд көлемін қоса есептегенде жиынтық табыстылығы 83%-ды құрады.

ҚазМұнайГаздың нарықтағы қазіргі капиталы 8,8 трлн теңгеге жетті, бұл 17,2 млрд АҚШ долларына тең" - делінген хабарламада.

13 желтоқсан, 08:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.