Бүгін Атырау облыстық сотының төрағасы Мухтар Парменов жалпы отырыста судьялар корпусына облыстың жаңа судьясын таныстырды, деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 06 желтоқсандағы Жарлығымен Танатбаев Абдрахим Ергалиевич Атырау қалалық сотының судьясы лауазымына тағайындалды.
Танатбаев Абдрахим - 1986 жылы Алматы облысында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді.
Өз еңбек жолын банк жүйесінде бастаған. Кейін 2015 жылы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман – сот мәжілісінің хатшысы лауазымына орналасып, қазіргі тағайындалуға дейін қызмет атқарды.
М.Парменов судьяны жауапты тағайындалуымен құттықтап, еңбегіне сәттілік және өз міндеттерін адал атқаруды, судьялық антқа адал болуды тіледі.