Атырау, 18 желтоқсан 20:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Оңтүстік Кореяда президенттің әйелі де күдікке ілінді

338 просмотра

Оңтүстік Кореяның ұлттық ассамблеясы пленарлық отырыста Юн Сок Ёльдің әйелі Ким Гон Хиді тергеу үшін арнайы прокурор тағайындау туралы заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Заң жобасын 282 заң шығарушының 195-і қолдады. 85 адам қарсы дауыс берді. Екеуінің дауысы есептелмеді. 

Оппозиция дәл осы заң жобасын 7 желтоқсанда өткізуге тырысқан, бірақ сол жолы құжат қабылдауға қажетті дауыс жинай алмаған. Мәліметтерге қарағанда, оппозиция елдің бірінші ханымын құнды қағаздар нарығында алаяқтық жасады деп айыптап отыр. Юн Сок Ёль мен Ким Гон Хи 2012 жылы үйленген. 

Сонымен қатар Ұлттық ассамблея бейсенбідегі отырысында президент Юн Сок Ёльдің әскери режим жариялауына қатысты істі тергейтін арнайы прокурор туралы заң жобасын да мақұлдады. 

Оппазиция президент Юнның кезінде бас прокурор болғанын ескеріп, іс әділ қаралмай қалмауы үшін барын салып жатыр. 

Бүгін, 12 желтоқсан күні президент Юн кезекті телеүндеу жасап, қызметтен кетпейтінін, аяғына дейін күресетінін, бүлік туралы айыптарды жоққа шығаратынын мәлімдеген. 

12 желтоқсан, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.