Атырау, 26 қаңтар 10:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 517.84
€ 543.11
₽ 5.28

Индер ауданындағы бөгеттерге 208 млн теңге бөлінді

Сурет
1 038 просмотра

Индер ауданында Жайық өзеніне 2025 жылы да су мол келуі мүмкін деген болжамға сәйкес бөгеттерді қалпына келтіру және қосымша биіктету жұмыстары жүруде. 

Айта кету керек, биыл аудандағы Жарсуат және Құрылыс ауылдары қауіпті аймаққа жатқызылған болатын. 

- Өзенге су мол келді, бұл отыз жылдан кейінгі көрініс болды. Кейбір ауылдарға қауіп те төнді, алайда ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде зардап шеккендер жоқ. Бірақ осал тұстар байқалды. Су тасқыны екі жыл қатарынан келуі мүмкін деген болжамға сәйкес 2025 жылға алдын-ала қам жасалуда,-дейді аудан әкімінің міндетін атқарушы Әсет ОРАЗҒАЛИЕВ.  

Биылғы тасқында бөгеттердің осал тұстары байқалған Индербор кенті (1,3 км), Елтай ауылында (2 км) жұмыстар желтоқсан айында қолға алынған. Екі округте арнайы 32 техника жүр.

- Бөгеттердің биіктігін 4, ал табанын 10 метрге дейін жеткізу белгіленген. Бұл жұмыстар қарқынды жүруде, бүгінде 50 пайызы атқарылды,-дейді Елтай округінің әкімі Дулатбай САРИЕВ

Ал Индербор кентінің әкімі Шалқар АЛМУРЗИЕВ те жұмыста мігір жоқ екенін, ал бөгеттің табанын 15 метрге дейін жалпақтатып жатқанын айтты.

Елтай ауылындағы бөгет жұмысына 2025 жылға 41 млн теңге (мердігер "World Construction Project Gruop" ЖШС), ал Индербор кентіне 29 млн теңге (ЖК "Калаугалиев") бөлінген. Мердігерлер жұмысты осы жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқтамақшы.

Биыл (2024 жылы) аудан бойынша су тасқынының алдын алу немесе болдырмауға 208 млн теңге бөлінген болатын. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суреттерді түсірген автор

12 желтоқсан 2024, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.