Атырау, 18 желтоқсан 19:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Демалыс күндері Атырауда Жайық өзенін жүз құтқарушы патрульдейді

Бейнежазба
942 просмотра

Өйткені, күн суыта бастағанда өзенде алғашқы экстремалды балықшылар пайда болды. 26 мың теңге айыппұл да, мұздай суда қаза болу қаупі де мұз астынан балық аулайтын әуесқойларды тоқтатар емес.

Атырау облысында «Мұз – 2024» республикалық акциясы аясында тұрғындарға күнделікті түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

ТЖД мәліметінше, қазір мұздың қалыңдығы бес сантиметрден аспайды. Ал өзенге қалыңдығы 25 см-ге жеткенде ғана шығуға болады. Жайықта адам өміріне қауіп төндіретін жыралар мен жарықтар көп.

«Кезекші он құтқарушы және Құлсары аудан орталығында бес құтқарушы жұмыс істейді, жұма, сенбі және жексенбі күндері облыс бойынша 100-ге жуық қызметкеріміз кезекшілікке шығады, - дейді ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Ардақ ӨТЕНОВ. - Бүгінде облыс орталығында 115 ескерту белгісі орнатылған».

Айтпақшы, 2023-2024 жылдары суық мезгілде өңірдегі су қоймаларынан алты адам құтқарылды. Мұз астына түскен үш балықшыны құтқару мүмкін болмады.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

12 желтоқсан, 13:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.