Атырау, 18 желтоқсан 19:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«KMG PetroChem» ЖШС Басқарма төрағасы тағайындалды

926 просмотра

«KMG PetroChem» ЖШС («КазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы) Басқарма төрағасы болып Игорь Ильин тағайындалды, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дастан Абдулғафаров жаңа басшыны компания ұжымына таныстырды.

Бұған дейін И.Ильин «Karabatan Utility Solutions» ЖШС Басқарма төрағасы қызметін атқарды. Әр жылдары «ОАЭК» АҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақ мұнай және газ институтының ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-да басшылық қызметтерде еңбек етті.

2012 жылы тағылымдамадан кейін Worley Parsons компаниясында еңбек жолын бастады. Компания — инженерлік қызмет, жобалау, өнеркәсіпте инновациялық тәсілдерді енгізу бойынша әлемдік көшбасшы.

Қазақстан-Британ техникалық университетін «автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша бітірді.

12 желтоқсан, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.