Атырау, 18 желтоқсан 20:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Атырау облысы тұрақтандыру қорында жеткілікті өнім жиналды

768 просмотра

Атырау облысының тұрақтандыру қорына 5667 тонна көкөніс жиналды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Тұрақтандыру қорына келер жылдың сәуір айына дейін жететін көкөніс әкелінді. Бұл облыс халқын құны нарықтағы бағадан төмен пияз, қырыққабат, сәбіз және картоппен қамтамасыз етуға мүмкіндік береді.

Өңірде әлеуметтік маңызы бар 18 тауардың тізімі жасалған. Олар белгіленген шекті баға бойынша және нарықтағы орташа бағадан 20%-ға арзан сатылуда.

- Әкелінген көкіністердің ішінде картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат бар. Олар қаладағы 3 базарда, 6 сауда павильонында және «Лидер», «Идеал» супермаркеттерінің 32 нүктесінде сатылуда. Өнімнің барлығы Махамбет ауданындағы егіс алқаптарынан жиналған. Қазір қоймадағы көкөністер тазаланып, сұрыпталып, сауда орындарында жіберілуде, - деді “Атырау” ӘКК” АҚ азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры Қайсар ҚҰРМАНАЛИЕВ.

Ал көкөністен басқа 14 әлеуметік маңызы бар өнім облыс бойынша 49 сауда нүктесінде арзан бағада сатылып жатыр.

Айта кетейік, «Атырау» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Атырау облысының тұрақтандыру қоры бағдарламасын іске асыру мақсатында 2024-2025 жылдарда бағаны тұрақтандыру үшін жергілікті сауда желілері мен тауар өндірушілерге айналым қаражатын толықтыру үшін қайтарымды қарыз берді.

12 желтоқсан, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.