Атырау, 18 желтоқсан 20:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Соққы мұнай базасына жасалған: Энергетика министрлігі​ Брянскідегі шабуыл туралы

788 просмотра

Энергетика министрлігі Брянскідегі «Дружба» мұнай құбыры нысандарына ұшқышсыз аппаратпен жасалған шабуылға қатысты айтты.

«Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдайтын Брянскідегі «Дружба» мұнай құбырының нысандарына ұшқышсыз аппаратпен жасалған шабуылға қатысты:

Мұнай базасына (мұнай өнімдері) соққы жасалған. «ҚазТрансОйл» «Транснефть» компаниясына хабарласты: құбырға және онымен байланысты инфрақұрылымға қауіп жоқ.

Соққы «Дружба» мұнай құбырына бағытталмаған. Мұнай айдау тоқтаған жоқ», - деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Сондай-ақ «ҚазТрансОйл» Қазақстанда өндірілетін мұнайды жеткізуге қатысты қауіп жоқ екенін хабарлады.

Бұған дейін украиналық дрондардың Брянскідегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасағаны хабарланған болатын. Astra басылымының хабарлауынша, дрондардың шабуылынан кейін Брянск маңындағы Свень кентіндегі «Дружба» мұнай құбырының құю пункті өртенген.

11 желтоқсан, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.