Атырау, 18 желтоқсан 20:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

QazaqGaz еншілес кәсіпорны басшысының орынбасары көршісіне есірткі лақтырып кетем деп сес көрсеткен

Бейнежазба
592 просмотра

Бақылау камерасына түсірілген видеоны Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында жариялады.

Астанадағы «Triumph Art» тұрғын үй кешенінде көршілер арасында келіспеушілік туындап, шақыртуға полицейлер келген. Ал жанжалға қатысушылардың бірі көршісіне есірткі тастап кетіп, түрмеге отырғызамын деп қорқытқан.

Комментаторлар видеодағы адам «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директорының орынбасары Дидар Сағымбеков екенін алға тартады. «АЖ»-ның дереккөзі де оның Сағымбеков екенін растады.

Астана полициясы бұл факті бойынша тергеуді бастады. Еске салайық, бұған дейін оны QazaqGaz-да болған тінтулермен байланыстыратын. Ол кезде Сағымбеков ұлттық компанияның аппарат басшысы қызметін атқарды.


11 желтоқсан, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.