Атырау, 18 желтоқсан 23:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Атырауда мәслихат депутаттары сайланды

707 просмотра

8 желтоқсанда Атырау қаласы, Жылыой және Қызылқоға аудандарында мәслихаттардан шығып қалған депутаттардың орнына жаңа депутаттардың сайлауы өтті. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, №16 сайлау округі бойынша Атырау қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына 3 кандидат бақ сынаған еді.

Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 10 829 азамат енгізілген. Дауыс беруге – 5 709 сайлаушы қатысқан.

Сайлаушылар:

У.Капанов үшін - 3 745 дауыс,

Г.Кайрекешов үшін - 903 дауыс,

Ж.Муратуллин үшін - 739 дауыс берді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетень саны - 240;

Сайлау қорытындысымен бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Атырау қалалық мәслихаттың депутаты болып №16 сайлау округі бойынша – Капанов Уркен Бахтиярұлы сайланды. Ол 1964 жылы туған, «Атырау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» КММ-нің  директоры, Атырау қаласының тұрғыны.

Жылыой аудандық мәслихатының №1 сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлаушылардың 1 346 дауысымен Култаев Адилет Мазапұлы сайланды. Ол 1981 жылы туған, «ТасМұнайСервис» ЖШС-ның қаржы директоры, Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғыны.

№1 сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5022 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 2579 сайлаушы қатысқан. Сайлауға түскен А.Даруишова үшін сайлаушылардың - 433, А.Сатыбалдиев үшін сайлаушылардың - 754 дауыс берген. 

«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетень саны – 30.

Қызылқоға аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына №10 сайлау округі бойынша сайлауға 3 кандидат түсті. Сайлау округінде сайлаушылар тізіміне 2 277 азамат енгізілген.  Дауыс беруге - 1211 сайлаушы қатысқан.

К.Бисенбаев үшін сайлаушылардың 108 дауысы берілді;

Б.Омаров үшін сайлаушылардың 904 дауысы берілді;

Б.Салықов үшін сайлаушылардың 192 дауысы берілді;

«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны –2.

Сайлау қорытындысымен бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылқоға аудандық мәслихаттың депутаты болып №10 сайлау округі бойынша – Омаров Бекбол Акбергенұлы сайланды. Ол 1978 жылы туған, «Атырау облысы Білім беру басқармасының Қызылқоға ауданы білім бөлімінің «Кенбай орта мектебі» КММ-нің директоры, Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының тұрғыны.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

10 желтоқсан, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.