Атырау, 18 желтоқсан 22:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Жаңа жылдық шыршалар: цифрлар не дейді

652 просмотра

Биыл Атырау қаласы әкімдігінің тапсырмасы бойынша ауылдық округтерге жаңа жылдық шырша сатып алуға қаржы бөлінген. 

Мемлекеттік сатып алу порталындағы ақпаратқа сүйенсек, биыл Дамбы ауылдық округіне биіктігі 8 метр болатын қолдан жасалған жаңажылдық шырша, шамдарымен, шарларымен қоса безендіріліп орнатылады.

Қолдан жасалған 8 метрлік шыршаны Дамбы ауылдық округі әкімі аппараты мен қоса Алмалы ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі де электронды дүкеннен 7 млн теңгеге сатып алған.

Дәл осындай әдіспен Еркінқала ауылдық округі әкімі аппараты млн 439 мың 993 теңгеге 2 шырша сатып алуға келісімшарт жасаған. Көрсетілген қаржыға ойыншықтармен безендіру және әкеліп орнатып беру жұмыстары кіреді.

Ал, Кеңөзек округі 6 метрлік шыршаны 5 млн 600 мың теңге орнатпақ.

Еркінқала ауылдық округіне екі шырша не үшін қажет болды? Округ әкімдігінен анықтағанымыздай, екі шыршаның бірі Еркінқала ауылына ортатылса, екіншісі округке қарасты Ракуша ауылына орнату үшін сатып алынған.

- Еркінқала округінің балансында бұрын жаңа жылдық шырша болған емес. Жыл сайын демеушілердің көмегімен 3-4 метрлік шағын шыршаларды орнатып жүрдік. Биыл қала әкімдігінің тапсырмасы бойынша бюджеттен ақша қаралып, 7 метрлік екі шыршаны сатып алып, келісімшарт жасап қойдық. Шыршалар 16 желтоқсаннан кейін Еркінқала мен Ракушаға орнатылады, - деді Еркінқала ауылдық округінің әкімі Мұхтар ҚҰМАРҒАЛИЕВ.

Сондай ақ ауыл әкімі соңғы уақытта ел арасында жаңа жылға шырша керек емес деген пікірлер бар екенін айтты. Алайда жаңа жыл жаңа күнтізбе басталатын мереке болғандықтан, халыққа мерекелік көңіл күй сыйлау үшін жасалып жатқанын мәлімдеді.

Мемлекеттік сатып алу порталында көрсетілгендей, жаңа жылдық шырша сатып алуды Атырау облысы Білім беру басқармасына қарасты мекемелер ертерек бастаған.

Атап айтқанда Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің №23 жалпы орта білім беретін мектебі 3 қыркүйекте 1 млн 41 мың 960 теңгеге шырша сатып алуды жоспарлап, баға ұсынстарына конкурс жариялаған. Кәсіпкерлердің баға ұсыныстары бойынша ең төмен баға ұсынған "АКПАР" ЖК жеңімпаз атанып, 504 мың 100 теңгеге келісімшарт жасалған. Техникалық ерекшеліктерінде көрсетілгендей жасанды жасыл шырша биіктігі – кемінде 5 метр, диаметрі – кемінде 2,3 метр болуы тиіс.

Махамбет ауданы білім бөлімініне қарасты Талдыкөл орта мектебі биіктігі 4 метр ені 2,20 метр болатын жасанды шыршаны ойыншықтармен және шыршаға арналған гирляндалармен 205 мың теңгеге сатып алса, Атырау қаласындағы Абай орталығы биіктігі 7 м, ені 3 м қолдан жасалған шыршаны 377 мың 777 теңгеге, ал 351 дана гирлянданы 345 мың теңгеге сатып алуға келісімшарт жасаған.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

10 желтоқсан, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.