Атырау, 18 желтоқсан 23:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Атырауда діни-экстремист ұсталды

687 просмотра

Атырау қаласында полиция қызметкерлері «Таблиғи жамағат» діни-экстремистік ұйымының идеяларын таратты деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Аталған қозғалыс Үндістан және Пәкістан елінен шыққан, идеология азаматтық құқықтар мен міндеттерден (отбасын қамтамасыз ету, ата-анаға қамқорлық жасау, балаларды тәрбиелеу, білім алу, тұрақты жұмыс істеу және т.б.) бас тарту арқылы үздіксіз миссионерлік қызметке негізделеді. Ұйым Қазақстанда экстремистік деп танылып, дәстүрлі моральдық құндылықтарға қатер төндіретін ұйым ретінде сот арқылы тыйым салынған. 

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұсталған азаматтың мешіттерде діндар жастармен әдейі кездесіп, үйлеріне шақырып, экстремистік әрекеттерге тарту мақсатында «Таблиғи жамағат» идеологиясын насихаттағаны анықталды. 
Тұрғылықты мекен-жайын тінту кезінде сот шешімімен тыйым салынған діни мазмұндағы кітаптар мен электронды материалдар тәркіленді. 

44 жастағы күдікті бұған дейін де осы экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған. Экстремизмді жүзеге асыруға байланысты сот шешімімен тыйым салынған діни ұйымды ұйымдастыру және оның қызметіне қатысу белгілері бойынша қылмыстық іс тергелуде. 


10 желтоқсан, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.