Атыраудың ең сұлу қызы Іңкәр БАҚТЯР ұлттық байқауда «Мисс People`s Choice» атағына ие болды: оған 4 мыңнан астам жанкүйер дауыс берді.
Еске сала кетейік, 19 жастағы Іңкәр Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті. Бұған дейін ол Атырау қаласындағы Д.Нұрпейісова атындағы халық музыкасы академиясын «қобыз-прима» мамандығы бойынша бітірген.
Іңкәр осыдан алты жыл бұрын Қазақстан аруы атағын жеңіп алған болатын.
Биыл байқауға 20 үміткер қатысты, ал өтініш берген қазақ қыз-келіншектерінің саны екі мыңнан астам болды. Бас жүлдені өскемендік 20 жастағы Бағым БАЛТАБАЕВА жеңіп алды.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА