Атырау, 18 желтоқсан 23:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Атырау жылу электр орталығындағы газтурбиналық қондырғының әуресі

559 просмотра
Сурет «AЖ» мұрағатынан

Атырау жылу электр орталығында орнатылған және электр желісінде кернеу тапшы болған жағдайда электр қуатын өндіруге арналған 60 МВт газды турбиналық қондырғы жұмыс істей ме, жоқ па, «AЖ» тілшісі соны анықтап көрді.

Атырау облысы бойынша ТМРК департаментінің басшысы Арман ӨТЕГЕНОВ бұл мәселені нақтылап бере алар еді, бірақ ол редакция сауалына жауап бермеді.

Жолдаған сауалдағы негізгі сұрақ – электр қуаты кернеуін бірқалыпты сақтау шараларын сатып алуға қанша миллион теңге жұмсалды және сол қаражаттың ішінде атыраулық тұтынушылардың қосқан үлесі қандай?

Кейбір сауалдарымызға облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдулат КЕНЖЕБЕКОВ жауап берді.

- EM610C үлгісіндегі 60 МВт газ турбиналық қондырғысын (ГТУ-60) пайдалану кезінде генератор мен қоздырғыштың мойынтіректерінде өте жоғары тербелу көрсеткіштері (бір микрометрге 100 микроннан жоғары) анықталды.

2024 жылдың маусым айында тербелісті жою, турбинаны теңгеру және оны іске қосу үшін Ұлыбританиядан «Greenray» сервистік компаниясы мен Павлодар қаласынан «MPП Гарант-Сервис» ЖШС мамандары шақырылды.

Сондай-ақ, бұрын, 2021-2022 жылдары ГТУ-60 генераторының роторын жөндеген, соған жауапты «Севкавэлектроремонт» ААҚ (Ростов-на-Дону, Ресей Федерациясы) компаниясының өкілі шақырылды. Жобалауға қатысқан павлодарлық мамандардың айтуынша, турбинаны сынақтан өткізу кезінде, жұмысын қалыпты 3000 айн/мин дейін үдетіп, бұл көрсеткіш 700 айн/мин жеткенде, генератордың мойынтіректері (100 микронға дейін) жоғары деңгейде тербеліп кетті, сонымен қатар кейін қайта қосқанда тербеліс динамикасы нашарлады. Бұл генератор роторындағы геометриялық өзгерістер және жолақ сақиналарының ауытқып кеткенін көрсетеді. Осы кемшіліктерді анықтағаннан кейін генератордың роторын бөлшектеп, одан әрі тексеру және бүлінген тартатын сақиналардағы ақауды жою үшін «Севкавэлектроремонт» ААҚ-на жіберу туралы шешім қабылданды.

2024 жылдың шілде айында ротор бөлшектеліп, «Севкавэлектроремонт» ААҚ аумағына жөнелтілді. Онда тартатын темірлердегі ақау жойылды.

«Атырау ЖЭО» АҚ ГТУ-60 қоздырғышын олардың базасындағы қоздырғыштың ақаулықтарын жою және генератор роторының жоғары тербелісі кезінде пайда болатын ықтимал ақауларды жою үшін «МРП Гарант-Сервис» ЖШС аумағына тасымалдау туралы шешім қабылданды. Қазір де сол жерде тұр.

Бұл үдеткіш-теңестіру қондырғысы ҚР аумағында болмағандықтан, қазіргі уақытта осы жұмыстарды жасау үшін «Атырау ЖЭО» АҚ генератор роторын басқа елге жіберу мүмкіндігін қарап жатыр, содан кейін «Greenray» компаниясы мен «MPП Гарант-Сервис» ЖШС мамандары турбиналарды қайта  құрастырып, іске қосу жұмыстары жүргізіледі».

«Павлодарэкопроект» ЖШС өкілінің соңғы экологиялық есебінде бұл ГТУ-60 қондырғысы американдық «General Electric» компаниясы 2012 жылы шығарғаны айтылған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 желтоқсан, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.