Атырау, 17 наурыз 16:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 486.20
€ 557.82
₽ 6.00

"Дина" базарында ет павильоны қайта ашылды

892 рет қаралды

Бұған дейін санитариялық-эпидемиологиялық қызмет тексерген кезде ол жерде пышақ жуған судан сібір жарасы бактериясы анықталған. Осыған байланысты павильон уақытша жабылып, мамандар толық дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді.

- Дезинфекци жұмыстарынан кейін барлық сынамалар теріс нәтиже көрсетті. Сондықтан 7 желтоқсаннан бастап ет павильоны қайтадан жұмысын бастады, - дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айкөркем НҰРҒАЛИЕВА.

Оның айтуынша, қазір павильон жұмысы қатаң санитариялық бақылауға алынды. Қолданылатын барлық құралдар және гигиеналық нормалардың сақталуы күн сайын тексеріледі.

Айнұр САПАРОВА

9 желтоқсан 2024, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.