7 желтоқсанда Елтай ауылдық округіндегі мұнай айдау станциясы аумағындағы жол бойында орналасқан су құбырлары ішінде қалып қойған уақ шабақтарды құтқару жұмыстары жүргізілді.
Бұл мәселе жөнінде бір күн бұрын әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Жұмыстарға Елтай ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері, Индер аудандық балық қорғау инспекциясы қызметкерлері және ерікті азаматтар жұмылдырылды.
Атқарылған шаралар нәтижесінде 56 000 данадан астам шабақ тірі күйінде Жайық өзеніне жіберілді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА