7 желтоқсанда Мақат ауданында "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің "ЖТ Атырау бөлімшесі" филиалына қарасты төрт вагон жолдан шығып, оның екеуі аударылған.
Соның салдарынан вагондағы күкірт жерге шашылған. Қазіргі кезде жауапты мамандарға вагондарды көтеріп, қалпына келтіруге тапсырма берілген, себебі анықталуда.
Атырау облысы бойынша экология департаментінің мамандары оқиға орнына қарау жұмыстарын жүргізіп, сынама алу мақсатында жолға шықты.
Ақпарат толықтырылады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА