Атырау, 18 желтоқсан 23:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

​Атырауда тергеу изоляторы қызметкерлерін қорқытқан азаматтарға үкім шықты

548 просмотра

Төрт ер адам өздерін "Төрт ағайынды" деп аталатын қылмыстық топ мүшесі санайды. 

Істің мән-жайы: биыл ақпан айының соңында Т., К., У., И. есімді төрт жігіт адам өлтіру дерегі бойынша тергеліп жатқан достарының тергеу изоляторында отырған жағдайын жеңілдетуді ойластырады. Олар, өз кезегінде, тергеу мекемесінде өздерін өте дөрекі ұстады: мекеме қызметкерлеріне бағынбай, қамауда отырған басқа адамдарды арандатып, сол үшін жиі жазалау камерасына да түседі.

Сондай-ақ, соттың хабарламасы бойынша, олардан ұялы телефондар, телефонды қуаттау құралдары, тіпті модем де тәркіленген. Жалпы, оларға уақытша ұстау изоляторындағы тәртіп ұнамай, өздерінің пікірінше, өздеріне бей-жай қараған мекеме қызметкерлеріне ықпал ету өтінішімен достарынан көмек сұраған. 

Достарының өтінішін орындау үшін олардың бірі тергеу изоляторындағы бөлім бастығын қорқытып, хабарламалар жаза бастайды, ал 23 ақпанда кешкі сағат 11-де Т., К., У. үшеуі тіпті үйіне барады. Іс бойынша төртінші фигурант азамат И. топтың әрекетін қашықтан басқарып отырады. Көлікпен келген олар К.-ны сыртқа шақырып, тергеу изоляторындағы өз достарына қатысты тексеруді, гаджеттерін тәркілеуді тоқтатып, жалпы олардың заң бұзушылықтарына мән бермеуді талап еткен. Жәбірленуші К. өзінің орынбасары Р.-ны көмекке шақырудан басқа амалы болмады. Орынбасары көмекке келгенде ештеңе өзгермеді: ол да жәбірленуші болып қалды. 

Олар тиісті өтінішпен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүгінгенде ғана мәселе шешілді. Көп ұзамай төрт жігіттің жеке басы анықталып, олар ұсталды.

Сот процесінде прокурор сотталушылар Т., К., У.- ға 8 жыл 6 ай мерзімге, И.-ге ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 2) тармағын қолданып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. 

Сотталушылар өздерінің әрекеттері қылмыс екенін білмегендерін айтып, бас бостандықтарынан айырмауды сұрады. Қорғаушылар сотталушылардың әрекеттерін дұрыс саралауды немесе ақтауды, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Айта кетсек, сотталушылардың тергеу изоляторының басшыларын қалай орнына қою керек екені туралы өз ойларымен бөліскен WhatsApp-тағы топтың аты «Төрт ағайын» деп аталған. Белгілі болғандай, бұл құрамында 500-ге жуық адам бар және мұнай, құрылыс, ойын-сауық, басқа да ірі ақша айналатын салаларда жұмыс істейтін, сонау 90-шы жылдары құрылған өте танымал ұйымдасқан қылмыстық топ.

Сотпен жаза тағайындау барысында үш сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Ал төртінші сотталушының жас балалары бар, бұл оның жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде танылды. 

Сотталушының үшеуі ҚК-тің 429-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, әрқайсысына 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Төртінші сотталушы ҚК-тің 28-бабының 4-бөлігі, 429-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

6 желтоқсан, 21:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.