Атырау, 18 желтоқсан 22:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

​Атырау тұрғынына тұрғын үй кезегі қайтарылды

968 просмотра

Атырауда тұрғын үй дауы тараптардың татуласуымен аяқталды, деп хабарлайды мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі. 

Талап қоюшы К. 2017 жылдан бастап «толық емес отбасы» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған. Алайда, тұрғын үй инспекциясы түгендеу жүргізу кезінде оның бұрынғы жұбайының меншігінде жылжымайтын мүлік тіркелген деген негізбен оны тұрғын үй кезегінен шығарған.

Талап қоюшының некесі 2004 жылы, яғни ол тұрғын үй кезегіне енгізілгенге дейін бұзылған.

Талап қоюшы мен тұрғын үй инспекциясы арасында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасақталды. Ведомство талап қоюшының бұрынғы кезегін қалпына келтіруге келісті. 

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

6 желтоқсан, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.