Енді автовокзалдың тұрағында 12 метрлік автобустар еркін қозғала алады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Орташа жөндеу жұмысы барысында автовокзал аумағына асфальт төселіп, 18 автобус пен 70 жеңіл көліктің тұрағы сызылған.
Ал осыған дейін бұл жерде үлкен автобустар тек бір бағытта ғана қозғалған болса, енді олардың еркін айналуы үшін тұрақ аумағы кеңейтілген.
Сондай-ақ, автовокзал маңына жарық шамдары орнатылып, 90-ға жуық шырша егілген.