30 қараша мен 8 желтоқсан аралығында "Шекарасыз білім беру" Халықаралық тағылымдамасы: Эстония мен Финляндияның тәжірибесі тақырыбындағы 2-модуль аясында Атырау облысының 50 мектеп басшысы Эстонияның Таллин, Финляндияның Хельсенки қалаларында шетелдік тағылымдамадан өтіп жатыр.
Атырау облысытық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира ТҰҢҒАТАРОВАНЫҢ мәліметінше, 50 мектептің басқарушылық командасы кәсіби қайта даярлау бағдарламасынан өтеді.
Тағылымдама барысында PISA халықаралық зерттеулерінің нәтижесі бойынша алдыңғы қатарда тұрған елдер Эстония мен Финляндияның білім беру жүйесімен танысады. Тағылымдаманың мақсаты қатысушылар екі елдегі үздік деп танылған 11 білім беру ұйымдарында болып, оқу бағдарламаларының ерекшеліктері, оқытуды басқару жүйесі, педагогтердің кәсіби даярлығы, адами ресурстарды басқару, ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды оқуға тарту мәселелерін мектеп директорларының шеберлік сағаттарында бірлесе талқылайды.
Сонымен қатар мектеп басшылары мектептен тыс оқыту: табиғаттағы кіріктірілген сабақтар және мобильді оқыту, мектепте ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған бағдарламалармен танысып, өз мектептеріне енгізетін идеялардан жобалар әзірлейді деді, білім басқармасының баспасөз қызметінен.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ