Атырау, 5 желтоқсан 07:09
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.58
€ 549.71
₽ 5.01

​Атырауда дәрігерлерді қолдауға арналған кешенді іс- шаралардың нәтижесінде 140 маман тартылды

205 просмотра

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингінде облысқа білікті мамандарды шақыру мақсатында бірқатар ынталандыру шарасы жүзеге асып жатқанын атап өтті. Бір реттік үстемақы беру арқылы өңірдегі мемлекеттік медициналық ұйымдарғаа 140 дәрігер тартылды.

- Осы жылы өзге өңірден келген және оқуын жаңа аяқтаған жас мамандарға бір реттік берілетін көмектің көлемін шамамен 2 есеге арттырдық. Ауылдық жерге барып жұмыс істеуге келіскен ақхалаттыларға 10 млн, аудан орталығында қызмет етемін дегендерге 8,5 млн теңге төледік. Ал облыс орталығында еңбек етемін дәрігерге 5 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Медицина қызметкерлеріне арналған бірегей тұрғын үй бағдарламасы аясында 42 дәрігер баспаналы болды. Бұл бағдарлама ипотеканы алғашқы жарна салмай-ақ, жылдық мөлшерлемесі 5%-бен, 25 жылға дейін рәсімдеуге мүмкіндік берді.Қосымша 105 қызметтік пәтер сатып алынды. Халықтың денсаулығын жақсартып, сапалы медициналық қызмет көрсету бағытында қолға алынған жұмыстар жалғасады,-деп атап өтті С.Шәпкенов.

Биыл денсаулық сақтау саласын дамытуға жергілікті бюджеттен 5,1 миллиард теңге бөлінді. Медициналық ұйымдарға 45 жаңа санитарлық көлік сатып алынды.

Кеше, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.