Атырау, 5 желтоқсан 07:12
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.58
€ 549.71
₽ 5.01

Пшөн құрыққа түсіп қалды

235 просмотра

Пшөннің жаға бекіту жұмыстары кезінде  арқасына құм салынған қапшықтарды артып, бөгетке қарай тасып жүрген видеосы кезінде көпшіліктің назарын аударған еді. Ол Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылында тұрды. Иесінің айтқанын түсініп, пәрменін орындайтын да ерекше қасиеті болатын. 

Иттің иесі Зәмзәгүл ЖАҢАБАЕВАНЫҢ айтуынша, оқиға 28-ші қараша күні түскі уақытта болған.

- Пшөн ауладан шығып кеткен болу керек. Жоқ екенін байқап, есік алдына шықсақ, жаралы күйде үйге қарай келе жатыр екен. Денесінен шприцті суырып алып, көмек көрсеткенімізбен, денесіне у тарап кеткен. Өмірінің соңғы сәттерінде қиналғанын бақылағаннан басқа амал болмады, - деді иттің иесі.

Айта кетейік, 2023-2024 жылға Махамбет ауданында ит аулау жұмыстарына 17 млн 482 мың теңге бөлінген. 
2023 жылы 31 желтоқсанда Махамбет аудандық ветеринариялық станция мен жеке кәсіпкер "Жұмаханов С.Р" арасында қаңғыбас иттерді аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қызметі бойынша 2023-2024 жылға келісімшарт жасалған. 

Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланғандай, бұл қаржыға Әлеуметтік бейімделген иттерді чиптеу, дегельминтизация, стерилизация (кастрация), құтыру ауруына қарсы егу, ерекше қауіпті, агрессивті, жұқпалы аурулар немесе ауыр науқастар физикалық азапты тоқтату үшін эвтаназия арқылы жансыздандыру жұмыстары кіреді. Күніне кемінде 10 ит аулануы тиіс. 2024 жылға 820 бас иттен кем ауланбауы тиіс екен. 

Махамбет аудандық ветеринариялық станциясы басшысы Мұрат СИДЕҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, биыл ит аулау бойынша 3,5 млн теңге игерілген. 

Пшөнге қатысты болған оқиға әлеуметтік жедіні шулатты. Кейін ресми хабарлама берілді. Белгілі болғандай, сол күні Қажыбеков көшесіндегі үйде 3-4 иттің топтасып жүргені туралы әкімдікке хабарлама түсіп, ит аулаушылар шақыртумен мекен-жайға барған. Шағым түсірушінің айтуынша топталған ит бірнеше күннен бері сол үйдің ауласын мекендеп алған.  Балалары далаға шыға алмай отырғандықтан, иттерді жою туралы өтініш береді. 

Осылайша ит аулаушылар келіп, үш итке уақытша ұйықтату процедурасын жүргізеді. 

- Біреуі қашып кетіп, белгісіз жағдайда көз жұмды. Көшеде 3 ит топтасып жүрсе оларда міндетті түрде ашу болады. Ең алдымен адам өмірі маңызды, - деді М.Сидегалиев. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

3 желтоқсан, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.