Атырау, 4 желтоқсан 14:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.17
€ 550.06
₽ 4.93

​Атырау облысы жұмыспен қамту басқармасының екі қызметкері 80 млн теңге жымқырды

370 просмотра

Сот сеніп тапсырылған мүлікті иемденгені және талан-таражға салғаны үшін жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма орталығының есепшісі мен директорын кінәлі деп таныды.

Қылмыстық іс Жылыой аудандық сотында қаралды. 

Ш. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бас есепшісі және уақытша мекеме директоры міндетін атқарушы бола тұра, 2021-2022 жылдары өзінің және таныстарының банк есепшоттарына 73 млн теңгеден астам қаражат аударған. 

Іс бойынша екінші азаматша Ж. орталық директоры бола тұра, 2022-2024 жылдары өзінің және таныстарының банк есепшоттарына аудару жолымен сеніп тапсырылған мүлікті ірі мөлшерде 6 млн теңгеден астам сомаға иемденіп, талан-таражға салған.

Ш. мен Ж.-ға ҚР ҚК-нің 189-бабының әртүрлі бөлімдері ("Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам бола тұра, аса ірі мөлшерде сеніп тапсырған мүлікті иемденіп алып, талан-таражға салғаны үшін") бойынша айып тағылды.  

Прокурор сотталушы Ш.-ға – 6 жыл 8 ай, Ж.-ға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші Ш.-ға 60 млн астам теңгеге талап қоюын қанағаттандырып, заң шеңберінде жаза тағайындауды сұрады. 

Сот сотталушылардың жағдайын жеңілдететін мән-жайларды, яғни, өз кінәсін мойындауы, бұрын сотты болмағаны, әрекетіне өкінуі, залалды өтеуі, тергеуге жәрдем көрсетуі, отбасылық жағдайы (Ж. жалғыз басты ана) ескерсе де, кінәлі деп таныды.

Ш. -ға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал Ж.-ға ҚК-тің 55-бабының 4-бөлігін қолданумен мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Кеше, 09:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.