Атырау, 20 ақпан 15:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.17
€ 576.63
₽ 6.38

​Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге 18 460 теңге айыппұл салынады

Бейнежазба
1 286 рет қаралды


Атырауда «Қауіпсіз дөңгелек» акциясы аясында рейд басталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Жол-көлік оқиғаларының алдын-алу үшін көлік жүргізушілерінің қысқы маусымға дайындығын тексеріп, жол жүріс қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында 2-4 желтоқсан күндері рейдтік акциясы ұйымдастырылуда. Осыған орай қала тұрғындары мен қонақтарынан жолда жол жүру ережерелерін қатаң сақтауды сұраймыз, - деді қалалық Полиция Басқармасы ППБ взвод командирі Исатай ТҰРСЫНҒАЛИЕВ.

Айта кетейік, егер жазғы маусымдық үлгідегі дөңгелектерді қысқы маусымда пайдаланған жағдайда жүргізушіге 5 АЕК, яғни 18460 теңге көлемінде айыппұл салынады. Ал оны төлемеген немесе ережені сақтамаған жағдайда көлік автотұраққа қойылады.


2 желтоқсан 2024, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.