Атырау, 4 желтоқсан 13:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.17
€ 550.06
₽ 4.93

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-дағы кадрлық тағайындаулар

512 просмотра

Акционерлер туралы келісім ережелеріне сәйкес, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның (ММГ) жоғары буын және бөлімшелер басшыларын әр үш жыл сайын ротациялау қарастырылған. Осыған орай, 2024 жылы 2 желтоқсанда ММГ Директорлар кеңесінің шешімімен кезектілік негізінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры болып Вэнь Цзяцзюнь тағайындалды, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі. 

Вэн Цзяцзюнь 1978 жылы 19 қыркүйекте ҚХР-да дүниеге келген.

Ол И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін («Геология және пайдалы қазбаларды барлау» бағыты бойынша техника және технология магистрі) бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы «CNDOC» компаниясының өндірістік-техникалық бөлім инженері болып бастаған.

2005-2024 жж. «СНПС-Ай Дан Мұнай» АҚ-да еңбек етіп, жетекші супервайзерден компания президентіне дейін көтерілді.

2024 жылдың мамырынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін ММГ бас директорының бірінші орынбасары болды.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары болып Болат Сейтмағанбетов тағайындалды.

Б.Сейтмағанбетов 1971 жылы 12 ақпанда Маңғыстау ауданының Тұщықұдық ауылында дүниеге келді.

Б. Сейтмағанбетов Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша, Алматы менеджмент университетін (іскерлік әкімшілік магистрі) бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасында мұнай және газ өндіру операторы болып бастады. Бұл мекемеде әр жылдары инженер-технолог, жетекші инженер, цех бастығы, өндірістік басқарма бастығы болып жұмыс істеді.

2022 жылдың ақпанынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының бастығы қызметін атқарды.

2 желтоқсан, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.