Жаңалық тарататын телеграм-арналарда "АМӨЗ" ЖШС-нің Бас директоры Ғалымжан ЖУСАНБАЕВ орнынан кетуі мүмкін деген ақпарат жарияланды.
"АЖ" осы ақпаратқа байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметіне хабарласқанда, олар оны растамады.
"Тек ресми ақпарат көздеріне жарияланған хабабарламаға сенуді өтінеміз, - деп хабарлады ҚМГ баспасөз қызметі. - Зауыт штаттық режимде жұмыс жасап тұр".
"АЖ"-ға берген жауабында АМӨЗ Бас директоры Ғалымжан Жусанбаев бірқатар БАҚ-та жарияланғандай, "өз еркімен қызметінен кету туралы" өтініш жазбағанын айтып отыр.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА