Бұл қаладағы «Асыл-Агро» мал базарының аумағынан сібір жарасы бактерияларының табылуына байланысты.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 20 қарашасында өлген малдан сібір жарасы табылуына байланысты шаруашылықтың мал сою пунктінің аумағында карантин енгізілді. Содан бері үш жануар өлгені анықталды. Сонымен қатар екі адамнан теріге шыққан сібір жарасы анықталды, олардың біреуіне ем қонып, жазылып келе жатыр.
"АЖ"-ның өңірде осы ауруды жұқтыру қаупі бола тұра аталмыш дертті жұқтырған малдың еті білім беру мекемелеріндегі асханаға жетпеу үшін қандай шаралар алынып жатыр деген сауалына Атырау қалалық білім бөлімі облыстық білім беру басқармасына хат жолдағанын хабарлады.
«Аса қауіпті жұқпалы аурулардың (сібір жарасының) алдын алу мақсатында біз Атырау облысының білім басқармасына қала мектептерінің алдағы уақыттағы ас мәзіріне өзгеріс енгізу туралы, яғни, етті санитариялық ереже мен нормаларға сәйкес басқа өнімдермен алмастыру туралы хат жолдадық», - делінген білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.МАМБЕТОВА қол қойған жауапта.
Айтпақшы, қаланың ет сату орындарында сиыр етіне сұраныс төмендеп кеткен. Қала тұрғындары қой мен жылқы етін сатып алуға да күмәнданып отыр. Етті бұзылмай тұрып тез сату үшін сатушылар бағаны айтарлықтай төмендетуге мәжбүр.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА