Д.Нұрпейісова атындағы Халық музыкасы академиясының түлегі, 19 жасар Іңкәр БАҚТИЯР «Атырау аруы – 2024» атағына ие болды.
Бойжеткен қосымша дирижер дәрежесі бар қобыз-прима мамандығын алып, қазір Құрманғазы атындағы Алматы ұлттық консерваториясында оқуын жалғастырып келеді.
«Мисс Қазақстан» ҰСБ Атыраудағы филиалының президенті, Vero Modelz модельдік агенттігінің директоры Вероника КОШМАНОВАНЫҢ айтуынша, 27 қарашада ұлттық сұлулық байқауының жартылай финалы мен соңғы іріктеудің үшінші кезеңі өтті.
Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қыздар қатысты. Жартылай финалға Атырау қаласынан тек Іңкәр ғана қатысты. Ол іріктеуден сүрінбей өтіп, қазір бас титулға таласатын үздік 19 қыздың қатарында тұр.
Айтпақшы, «1-Вице-мисс Атырау-2024» атағын Дильназ ЖАҚСЫЛЫҚОВА алды.
«Қазақстан аруы - 2024» ұлттық байқауының финалы финалы 5 желтоқсан сағат 19:00-де Алматыдағы Queen-де өтеді. Байқаудың басты тақырыбы – «Әйел болу өнері». Аталған тақырып нәзік жандылардың сұлулығы мен талантының жан-жақтылығын көрсетеді, қатысушыларды шығармашылық әлеуетін барынша арттыруға шақырады.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Сурет пен видео Vero Modelz модельдік агенттігінен алынды