Атырау, 4 желтоқсан 13:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.17
€ 550.06
₽ 4.93

«Ресейлік партия керек емес»: Грузия полициясы ереуілшілерге су шашып жатыр

161 просмотра
Фото: Бейнеден кадр

Грузияда полиция Тбилиси орталығындағы парламент ғимаратының алдына жиналған наразы жұртқа су шашатын арнайы құрал қолданды. Оқиға болған жерден түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарады.

Orda.kz бұған дейін митингіге президент Саломе Зурабишвилидің де қатысқаны жайлы жазған болатын.

Грузиядағы парламент сайлауында билік партиясы «Грузин арманы» 53,92% дауыс жинады. Сайлау нәтижелерімен келіспеген оппозициялық партиялар жаппай наразылық шараларын өткізетіндерін жариялаған болатын. Қазан айының соңынан бері жұртшылық ереуілге шығып, Тбилиси полициясы ерекше әбігерге түсіп жатыр.

Бұл бастама президенттің шақыруымен жүзеге асып жатыр. Оппозиция мен президент «Ресейдің жақтасы» болған партияның сайлаудағы жеңісіне қарсы. Олар «халықаралық сайлау әкімшілігі басшылығынан» жаңа сайлау өткізуді талап етіп жатыр.

«Грузин арманы» партиясына ресми түрде шамамен 1,1 миллион сайлаушы дауыс берді, бұл оған парламентте шамамен 88 орын алуға мүмкіндік берді. «Өзгерістер үшін коалиция», «Бірлік — Ұлттық қозғалыс», «Мықты Грузия» және «Гахария Грузия үшін» сияқты оппозициялық блоктар барлығы 37,5% дауыс жинап, 62 орын алады. Басқа партиялар бес пайыздық шекті жеңе алмай, парламентке кірмей қалды. «Грузин арманы» партиясының жеңісін жұрт құптамады. Оппоненттері партияны сайлауды қолдан жасады деп айыптады. Грузия президенті Саломе Зурабишвили сайлаудың өткізілгенін мойындамады.

Елдегі 30 қарашада өткен жаппай наразылықтар тұсында Саломе Зурабишвили парламентті «заңсыз» деп санайтындықтан, мандатының аяқталуына қарамастан қызметінен кетпейтінін мәлімдеді.

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері парламент аумағынан наразыларға тас лақтырды деп хабарлады «Эхо Кавказа» сайты. Грузия үкіметінің Еуроодаққа қосылу үрдісін тоқтата тұру туралы шешіміне наразы болғандар Тбилиси орталығындағы Руставели және Костава даңғылын жауып тастады.

Тбилисиден басқа, Батуми, Кутаиси, Поти және басқа да ірі қалаларда жұрт наразылық көрсетіп жатыр. Олар жаңа құрылған үкіметтің кетуін, ал шуға айналған парламент сайлауы қайта өтуін талап етіп жатыр.

2 желтоқсан, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.