Атырау, 4 желтоқсан 13:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.17
€ 550.06
₽ 4.93

Өзбекстанда ресейлік журналист бүкіл түсірілім тобымен бірге ұсталды

194 просмотра
Фото:wikipedia

Белгілі ресейлік журналист, "Редакция" YouTube арнасының авторы Алексей Пивоваров пен оның түсірілім тобы Өзбекстанда ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Hook басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Нүкіс қаласында жергілікті тұрғынның арызынан кейін Алексей Пивоваровпен бірге "Редакция" жобасының түсірілім тобы мен жергілікті журналист Фериде Махсетова да ұсталды. Фериде Махсетова олармен тек "әңгімелесу үшін" байланысқанын айтады.

Мәліметтерге сенсек, бүкіл түсірілім тобы мен журналист Фериде Махсетова Нүкіс қаласының ішкі істер бөлімшесінде ұсталып отыр. Телефондарын өздерінде қалдырғанымен, оларды тексеруді талап етіп отыр.

"Алексейді бөлек кабинетте ұстап отыр. Тергеуші арызды көрсетуден және сұрақтарға жауап беруден бас тартып жатыр", – делінген хабарламада.

Журналистер ұсталу себебін түсіндіру үшін Өзбекстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне жүгінген.
Фериде Махсетова кешкі сағат 19:09-да байланысқа шыққан. Журналист қайта хабарласуға уәде берген. Бірақ бастапқыда хабарламалары жетпеген және қоңырауларға жауап бермеген. Ал қазір оның телефоны "байланыс аймағынан тыс жерде" деп көрсетілген.

"Қазіргі уақытта біз Нүкістан білікті адвокат іздеп жатырмыз. Оларды қорғауға және топпен байланыс орнатуға көмектесетін. Сонымен қатар прокуратураға арыз дайындап жатырмыз", – деп хабарлады басылым.

Алексей Пивоваров бұған дейін Instagram-да сурет жариялап, өзінің командасымен бірге Өзбекстанда бағдарлама түсіріп жатқанын жазған.

Айта кетейік, Алексей Пивоваров – 50 жастағы ресейлік журналист, медиаменеджер, блогер, "Редакция" YouTube арнасының авторы. Ол бұған дейін НТВ, "СТС Медиа", RTVI телеарналарында жұмыс істеген. "Редакция" YouTube арнасының қазір 4,36 миллион жазылушысы бар. 2022 жылдың 3 маусымында Ресей әділет министрлігі оны "шетел агенті" ретінде танылған БАҚ тізіміне енгізген.

2 желтоқсан, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.