Атырау, 4 желтоқсан 14:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.17
€ 550.06
₽ 4.93

Биыл 9 айда ТШО Қазақстан бюджетіне 8,4 млрд доллар тікелей төлем жасады

499 просмотра

«Теңізшевройл» компаниясы («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 20% үлеске ие) Қазақстан экономикасына қомақты үлес қосуды жалғастыруда. Компания 1993 жылдан бері Қазақстан экономикасына 198 млрд доллардан астам қаржы төледі, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі. 

S&P Global компаниясының жақында жүргізген зерттеуіне сәйкес, Теңізшевройл (ТШО) орта есеппен 12 жылдық кезеңде Қазақстанның номиналды жалпы ішкі өнімнің 11%-ын ынталандырады.  

Ал мультипликативті экономикалық әсерін ескерсек, ТШО-ның әрбір қазақстандық қызметкері ел бойынша тағы 41 жұмыс орнын қолдап отыр (тауарлар, қызметтер). Бұл өз кезегінде өңірлердің дамуына ықпал етті. 

«ҚазМұнайГаз» Теңіз кен орнын кеңейту бойынша қолға алынған жобаларды уақтылы іске асыруға баса назар аударады. Бұл ретте отандық өндірушілердің және қазақстандық мамандардың үлесін арттыру мәселесі де ұлттық компанияның назарынан тыс қалмайды (2024 жылдың III тоқсанының қорытындысы бойынша ТШО-дағы отандық мамандардың үлесі 95%-ға жетті).

Жалпы, бұл жобалар кен орнын толық көлемде игеруге жол ашып, Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға оң ықпал етеді.

2 желтоқсан, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.