29 қараша күні патрульдік полиция қызметкерлері бекітілген аумақтарында патрульдеу кезінде “Қорғау” базасы арқылы қала аумағында төленбей жүрген айыппұлдары бар екі автокөлікті анықтады.
Көліктер тоқтатылып, құжаттарын тексеру барысында маркасы Volkswagen Jetta автокөлігінің 455 848 теңгені құрайтын 16, ал Toyota Estima автокөлігінің 3 төленбеген айыппұлы бар екені анықталды. Сонымен қатар, аталған автокөліктердің жүргізушілері көліктерін жүргізу құқығынан айырылған күйде басқарғаны белгілі болды.
Осыған байланысты Toyota Estima көлігінің 37 жастағы жүргізушісіне және Volkswagen Jetta көлігінің 20 жастағы жүргізушісіне қатысты хаттамалар жасақталды. Автокөліктер арнайы тұраққа жеткізіліп, іс құжаттары мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.