Атырау, 4 желтоқсан 14:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.17
€ 550.06
₽ 4.93

Атыраудың “Теміржол вокзалы” және “Автобекет” аумағында абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр

485 просмотра

Қараша айында басталған бұл жоба – қаланың көркін ашып, тұрғындар мен жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.  

Бүгінгі таңда теміржол вокзалы ғимаратына қала өмірінен және Атырау өңірі туралы пайдалы ақпарат беретін заманауи “LED экран” орнатылған. 

Атырау қаласы әкімдігінің мәліметінше жоба аясында автотұрақтар кеңейтіліп, 12 метрлік автобустардың еркін қозғалысына мүмкіндік беріледі, жаңа жарық шамдары орнатылып, 90 дана шырша ағашы отырғызылады. Бұл жұмыстар қала әкімдігі мен демеушілердің қолдауы арқылы жүзеге асырылып отыр. Еске салсақ, бұған дейін заңды талаптарға сәйкес келмейтін вокзал маңындағы дүңгіршектер де көшірілуі мүмкін екенін жазған едік. 

- Теміржол вокзалы мен автобекет – қаламыздың қақпасы, яғни Атырауға алғаш рет келетін әрбір адамның қаламыз туралы алғашқы әсерін қалыптастыратын ерекше орын. Сол себепті, бұл нысандардың келбетін жаңартып, қолайлы жағдай жасау – біздің міндетіміз, - деді қала әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

Зерделеу барысында теміржол вокзалы аумағын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу барысында вокзал аумағында заңды құжаттары яғни әкімнің шешімі, мемлекеттік акті жоқ 8 сауда дүңгіршегі анықталған. 

Толық тексеріс жұмыстарын жүргізу және заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында, Атырау қаласы әкімдігі атынан Атырау облысының жер ресурстарын басқару департаменті мен Атырау қалалық прокуратурасына хат жолданды.  Қазіргі уақытта құзырлы органдар дүңгіршек құрылыстарын орнату заңдылықтарын анықтау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуде, деді әкімдіктен.

Жоба жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

30 қараша, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.