Атырау, 29 қараша 17:56
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Грузиядағы көтерілісте 43 адам ұсталды

73 просмотра
видеодан скриншот

Еурородаққа кіруден бас тартқан Грузияның Тбилиси қаласының орталығында наразылық басталып, 43 адам ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Грузин полициясы су атқыштарды пайдаланып парламент ғимаратынан көтеріліске шығушыларды алыстатқан болатын. Салдарынан 43 адам ұсталды. 

Тблисиде шеруге шыққандар қаланың бірнеше жерінде жиналды. Бірінші топ «Грузин арманы» партиясы ғимаратының алдына, екіншісі Руставели даңғылындағы парламент ғимаратының алдына жиналды.

Шеруге мыңдаған адам қатысып, сол күні кешке қарай полиция қызметкерлері мен арнайы жасақтың адамдарға су атқыштар мен көзден жас ағызатын газ қолдануына тура келді. Бұл туралы Грузияның Ішкі істер министрлігі «парламент ғимаратындағы шеру заңмен белгіленген нормалардан асып кетті» деп мәлімдеді.

«Мен негізсіз шабуылға ұшыраған грузин БАҚ-ын өз жұмысын атқарып, болып жатқан жайттарды үздіксіз хабарлап отырғанын қолдаймын» деп жазды Грузия президенті Саломе Зурабишвили X әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Грузия Ішкі істер министрлігі «полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін» 43 адамның ұсталғанын және 32 полиция қызметкерінің жарақат алғанын, олардың 13-не хирургиялық көмек қажет екенін хабарлады.

Бүгін, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.