Атырау, 4 желтоқсан 14:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.17
€ 550.06
₽ 4.93

Қалада газдың иісі неге шықты: АМӨЗ-дің ресми хабарламасы​

398 просмотра

29 қарашада әлеуметтік желіде Атырау мұнай өңдеу зауыты аумағында тұрған факелдің жанып тұрған кадрлар жарияланды. Қала тұрғындары таңертең газдың иісі шыққанына шағым айтқан болатын. 

АМӨЗ баспасөз қызметі төмендегідей ресми ақпараттық хабарлама таратты: 

"2024 жылғы 29 қарашада сағат 09:57-де Атырау мұнай өңдеу зауытының Naphtha HT (3204 титулы) бензинін гидротазарту қондырғысында бу колоннасының серіппелі сақтандырғыш клапаны іске қосылғандықтан артық газ штаттан тыс жағдайлардың алдын алу үшін алау жүйесіне жіберілді.

Қазіргі уақытта қатаң регламентке сәйкес технологиялық процесс тұрақтандырылды. Бұл жағдай қондырғының жұмыс режиміне әсер етпегенін растаймыз, технологиялық процесс штаттық режимде жалғасуда.

Қазіргі уақытта зауыт мамандары клапанның іске қосылу себептеріне талдау жүргізуде. Барлық іс-шаралар қолданыстағы нормативтік құжаттар мен өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарының талаптарына толық сәйкес орындалады.

Орын алған оқиғаның себептері мен қабылданған шаралар туралы қосымша ақпарат барлық қажетті іс-шаралар аяқталғаннан кейін беріледі. Зауыт ашықтыққа, заңнаманы сақтау және жабдықты қауіпсіз және сенімді пайдалануды қамтамасыз ету қағидаттарына өзінің адалдығын растайды".

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

29 қараша, 13:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.