Атырау мұнай өңдеу зауытының 4 қондырғысында (мұнай коксын қыздыру, хош иісті көмірсутектерді өндіру, бензолды алу блогы және катализатордың үздіксіз регенерациясы бар каталитикалық риформинг қондырғыларының, ароматикалық көмірсутектер қондырғысында сондай-ақ жылу және электр энергиясы өндірісінде) қоршаған ортадағы эмиссияларды мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды зауыттың баспасөз қызметі.
"Экологиялық бақылау құралдары пештер мен қазандықтардан шығатын түтін газдарындағы күкірт диоксиді, күйе, метан, азот оксидтері, көміртегі тотығының концентрациясын бақылап, талдау нәтижелерін автоматты түрде реттеуші органдарға жіберуге мүмкіндік береді. Деректер «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесіне әр 20 минут сайын жіберіледі. Автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату шығарындылар көрсеткіштерін қадағалап қана қоймай, қажет болған жағдайда технологиялық режимді түзетуге көмектеседі.
Айта кету керек, зауытта 21 Технологиялық қондырғы жұмыс істейді, оның тек төртеуі ғана шығарындылардың негізгі көзі болып табылады және "өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларына" жатады (ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 22.06.2021 ж. №208 бұйрығы). Осы ережелерге сәйкес автоматтандырылған мониторинг жүйесі атмосфераға 500 тонна және одан да көп шығарындыларды бөлетін орындарда орнатылуы тиіс.
АМӨЗ қоршаған ортаға шығарындыларды азайту жөніндегі жұмысты тоқтатпайды. Осы мақсатта кәсіпорында энергия және ресурс үнемдеу, сондай - ақ 2031 жылға дейін есептелген атмосфералық ауаға шығарындыларды азайту бойынша нысаналы көрсеткіштері бар іс-шаралар жоспары әзірленді", - делінген хабарламада.