Атырау, 28 қараша 17:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Атырауда 300-ге жуық кәсіпкер әйел ұлттық жоба шеңберінде несие алды

56 просмотра

Былтыр Ұлттық жоба шеңберінде 700-ден астам кәсіпкер әйелдің жобасы қаржыландырылған. Биыл 258 адамға жалпы құны 11,5 млрд. теңге болатын несие берілді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Оның ішінде ауыл кәсіпкерлерін қолдау мақсатындағы өңірлік “Бизнес-аймақ” бағдарламасымен ауылдық жерде бизнеспен айналысатын  16 қыз-келіншек несие алған.  Жалпы өңірде соңғы он жыл ішінде ауылдағы 303 кәсіпкер әйел қаржыландырылып, 307 жаңа жұмыс орны құрылды. 

Айта кетейік, Атырау облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы жыл басынан бері 571 кәсіпкерлік субъектіге 583 сервистік қызмет көрсеткен.

Бүгін, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.