Атырау қалалық №2 соты «OLX.kz» сайты арқылы әшекей сатып аламын деп алдап, сатушыға ақшасын төлемеген азаматтан қарызды өндіріп алды.
Хабарландыруда сатушы алтын сырғасын 80 000 теңгеге бағады. Сатып алушыда қолма-қол ақша болмаған соң, қарызға беруін сұрап, қолхат арқылы сырғаны алған. Кейін ол түрлі сылтау айтып, қарызын қайтармаған.
Сатушы берешекті өндіруді сұрап, сотқа жүгінді.
Нәтижесінде жауапкерден талап қоюшының пайдасына 80 000 теңге берешек өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.