Атырау, 7 қаңтар 16:29
 ашықВ Атырау -4
$ 527.30
€ 544.86
₽ 4.95

Атырауда тарихи ғимарат өртенді

1 149 просмотра

Кеше, 26 қарашада Тұрғындар қалашығы ықшамауданындағы көне тарихи ғимараттардың бірінен өрт шықты. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде салынған ғимарат Әуезов пен Оңдасынов көшелерінің қиылысында орналасқан. 

Қараусыз қалған ғимарттың ішінде 30 ш.м болатын қоқыс қалдықтары мен 12 ш.м болатын төбесі жанды. Оқиға орнына Атырау облысы ТЖД 5 құтқарушы, 1 бірлік техника жұмылдырылды, Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Бүгінде бұл жерде қатарлас орналасқан 14 үйде ешкім тұрмайды. Ғимарат қаланың тарихынан сыр шертетін нысандардың бірі ретінде сақтаулы тұр.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет әлеуметтік желіден алынды

27 қараша 2024, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.