Атырау, 27 қараша 11:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Су тасқыны - 2025: Атырау облысы су тасқынына тағы дайындалып жатыр

54 просмотра

Жылыой ауданында Жем өзені мен Құрсай каналында 2025 жылғы су тасқынына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр.  

Еске сала кетсек, осыдан бұрын облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВ биылғы су тасқыны келесі жылы да қайталану мүмкін деп мәлімдеді. Өйткені бұрын су тасыған кезеңде екі жыл қатарынан келген. Соның алдын алу үшін тамыз айынан бері түп тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Жоспарланған жұмыстардың қатарында жалпы ұзындығы 95 шақырымды құрайтын жұмыстың 35 шақырымында түп тереңдету жұмыстары атқарылды. Оның 4 шақырымы Жем өзені бойынша болса, ал 31 шақырымы Құрсай каналына тиесілі. Нысандар басында 45 бірлік механикаландырылған экскаватор, 4 бірлік амфибия, 4 жер сорғыш снаряды, 4 бульдозер, 2 автотиегіш, жалпы 59 арнайы техника жұмыс жасап тұр.  

- Бұл жұмыстарды көктем маусымына дейін аяқтауды мердігер "СапИнВест" ЖШС міндетіне алып отыр. Қаражат құны жоба сараптамадан шыққаннан кейін анықталады. Әзірге мердігер өз қаражаты есебінде жұмыс жасап жатыр, - дейді облыстық құрылыс басқармасының бастығы Нұрберген ҚҰСАЙЫНОВ

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Кеше, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.