Атырау, 27 желтоқсан 02:28
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Ақ үй Украинаға Ресей аумағын АҚШ қаруымен атқылауға рұқсат бергенін растады

274 просмотра

АҚШ президентінің әкімшілігі Украинаға Ресей аумағындағы нысаналарға америкалық ATACMS баллистикалық зымырандарын қолдануға қойылған шектеуді алып тастағанын алғаш рет ресми түрде растады. Ақ үйдің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби бұл туралы дүйсенбі, 25 қарашада өткен брифингіде мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

"Дәл қазір оларда [украиндар – ред.] шұғыл жағдайда өзін қорғауға ATACMS-ты пайдалану мүмкіндігі бар. Бұл дәл қазір Курск пен Курск облысы маңында болып жатыр", – деді ол.

АҚШ президенті Джо Байденнің Украинаға Ресей аумағын АҚШ-тың алысқа ұшатын зымырандарымен атқылауға рұқсат бергені туралы хабарды 17 қарашада бұқаралық ақпарат құралдары жариялаған, The New York Times газеті мен Reuters агенттігі бұл туралы үкіметтегі дереккөздерге сүйеніп жазды. Алайда Ақ үй бұған дейін бұл ақпаратты көпшілік алдында растамаған еді.

Ресей қорғаныс министрлігі 19 қарашаға қараған түні Брянск облысындағы нысанға алты ATACMS зымыраны түсті деп хабарлады. Мәскеу Ақ үйдің шешімін Батыс елдерімен тікелей қақтығыс деп қарастыратынын мәлімдеді.

20 қарашада Украина Курск облысындағы президент әкімшілігі шипажайын нысанаға алып, Storm Shadow зымырандарын қолданған болуы мүмкін. Әртүрлі дереккөздің мәліметінше, шипажай астында орналасқан командалық бункер жойылған.

Украина Вашингтонның рұқсатынсыз және америкалықтар берген мәліметтерсіз Ресейдегі нысандарға француз және британ зымырандарымен шабуыл жасай алмайтын еді. Лондон мен Париж Украина өзін қорғау мақсатында Ресейдегі кез келген әскери нысанға шабуыл жасай алады деді.

26 қараша, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.