Атырау, 26 қараша 11:30
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Бұрынғы горпаркке қатысты іс Жоғарғы сотқа жетті

73 просмотра

Жоғарғы сот «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС-не қатысты істі кассациялық тәртіппен қараудан бас тартты.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында қала әкімдігі 20 жылдан астам уақыттан бері қолдан қолға ауыстырылып жүрген Атырау қаласының орталығындағы (Пушкин – Шевченко – Балғымбаев – Жарбосынов көшелерінің периметрі бойынша орналасқан бұрынғы горпарк) жер телімін сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тануды талап етіп, сотқа шағым түсірген болатын. 

Бір қызығы, бастапқыда сол жер телімін жеке меншікке талап қоюшы - қала әкімдігінің өзі берген. Қаланың екі бас жоспарына (2002 және 2016 жылғы) сәйкес бұрынғы қалалық саябақтың аумағы жасыл желекті аймаққа (ортақ пайдалану үшін) жатады.

Іс бойынша жер телімінің қазіргі иесі – сол жерде тұрғын үй кешенін салуды жоспарлаған «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС жауапкер ретінде тартылып отыр.

Биылғы жылдың сәуірінде экономикалық сот әкімдіктің шағымын қанағаттандырды, кейіннен Атырау облыстық сотында апелляциялық шағымды қарау кезінде бұл шешім өзгеріссіз қалды, содан кейін АИС Жоғарғы Сотқа шағым жолдады. 

«... «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС өтінішін алдын ала қарау нәтижесі бойынша істі кассациялық сатыда қарауға беруден бас тартылды», - делінген ҚР Сот Әкімшілігі басшысының орынбасары Болат ЖУЛАМАНОВ қол қойған "АЖ"  сауалына берген жауапта.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Серік НСАНБАЕВ бұрынғы қалалық саябақтың аумағы бас жоспар бойынша – жасыл желектер үшін пайдаланылатынын растады.

Лев ГУЗИКОВ

Бүгін, 09:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.