25 қарашада Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың "Газпром" қоғамдық АҚ басқарма төрағасы Алексей Миллермен жұмыс бабындағы кездесуі өтті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Кездесуде 2025–2026 жылдарға арналған Қарашығанақ кен орнындағы газды өңдеу және сатудың негізгі шарттары туралы келісімге қол қойылды.
Естеріңізге сала кетейік, Қарашығанақ газын өңдеу және сатуды «ҚазМұнайГаз» бен «Газпром» бірлескен кәсіпорны – КазРосГаз жүзеге асырады.